Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы бас бапкерсіз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
17.01.2025, 18:13

Әлия Юсупова көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. 

vesti.kz
vesti.kz

Бұл туралы Юсупова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті. 

“Мен өзім дайындаған спортшыны Олимпиадаға шығарып, сол ойындарға бапкер ретінде қатысуды мақсат еттім. 2012 жылы маған осындай мүмкіндік беріліп, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кірістім. Үш Олимпиадада біз жақсы нәтижелер көрсете алдық. Үш рет гимнастарды төртжылдықтың басты додасына дайындағаныма өте қуаныштымын”, - дейді Юсупова.

Ол жауапты қызметте өзіне сенім артқаны үшін қазақ еліне, басшылыққа алғысын білдірді. 

“2025 жылдың қаңтарынан бастап бас бапкер қызметінен кетемін. Өйткені федерациядағы жұмысқа толықтай көңіл бөлгім келеді. Осылайша, басқа бапкерлерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беруді жөн көрдім. Баршаңызға сәттілік тілеймін”, - деді Әлия Юсупова.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір