Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы мансабын аяқтайды

Редактор Penalty.kz
19.01.2025, 13:44

Танымал норвегиялық биатлоншы Йоханнес Тиннес Бё өзінің Instagram-парақшасында маусым соңында карьерасымен қош айтысатынын мәлімдеді.

Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы мансабын аяқтайды
ria.ru

Спортшы бұл шешімі туралы арнайы өткізілген баспасөз конференциясында айтып, көз жасына ерік берді.

Әлем кубогының биылғы маусымы наурыз айында Норвегияның Холменколлен қаласында аяқталады. Мамырда Бё 32 жасқа толды.

"13 жыл бойы әлемнің үздік демеушілері қолдайтын әлемнің үздік құрамасының мүшесі болдым. Соңғы алты маусымда спортты отбасылық өмірмен қатар алып келемін. Бұл керемет жылдар, бірақ оңай болған жоқ. Енді отбасына басымдық беретін уақыт келгенін түсіндім. Жоспар бойынша тағы бір жылға қалуым керек еді, алайда Олимпиада ойындарына қатысу менен де, менің айналамдағылардан да тым көп нәрсені талап етеді.

Әлі де бәсекелескенді ұнатамын, дегенмен басқасына қарағанда жарыс күндері аз. Сондықтан 20-23 наурызда Холменколленде карьерамды аяқтамас бұрын соңғы жарыстардан бірге ләззат алайық!" – деп жазды тарихтағы ең табысты биатлоншылардың бірі.

Айта кетейік, Бё Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы, әлем чемпионатында 20 рет топ жарған, Әлем кубогының қорытындысы бойынша бес рет үздік атанған. Биылғы маусымда ол Әлем кубогында жекелей сында үш рет жеңіске жетіп, жалпы есепте көш басында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір