ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық семсершілер әлем кубогында топжарды

Қазақстан жасөспірімдер командасы семсерлесуден Бахрейндегі әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды. 

Қазақстандық семсершілер әлем кубогында топжарды
olympic.kz

Командалық жарыста ұлттық құрама намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғады. 

Ширек финалда семсершілеріміз Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түссе, жартылай финалда Қытайды (45:25) оңай жеңді. 

Францияға қарсы шешуші матчта отандастарымыз камбэк жасап, небәрі бір ұпай айырмасымен (44:43) әлем кубогының иегері атанды. 

Ал қыздар командасы (Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева) төртінші орынға табан тіреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.