ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунистегі WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
olympic.kz

Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста ел намысын қорғап, турнирді қола медальмен аяқтады.

Алан Құрманғалиев турнир барысында Италия өкілі Данило Фасоны 3:0, польшалық Рафаэль Формеланы 3:1, Ян Мругалды 3:0, чехиялық Степан Брельді 3:1 және Бельгия спортшысы Том Клоссетті 3:1 есебімен тізе бүкітірді.

Бірақ жартылай финалда румыниялық Юлиан Чиритуден 0:3 есебімен ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.