Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Тоғызқұмалақ спорты федерациясында ауыс-түйіс болды

Редактор Penalty.kz
20.01.2025, 19:34

Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясы басшылығында өзгерістер болды. 

Тоғызқұмалақ спорты федерациясында ауыс-түйіс болды
turkystan.kz

Астанада өткен республикалық федерацияның жиынында Әлихан Байменов осы күнге дейін Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті қызметін атқарған Әкім Тұрсұнды федерация басшысы қызметіне ұсынды. Отырысқа қатысқан өңірлік федерация жетекшілері, тоғызқұмалақ қайраткерлері және федерацияның басшылық құрамы ұсынысты қолдап, Тұрсұнды Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясы президенті лауазымына сайлады.

"Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Әлихан Байменов ұйымның құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен бірге Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады", - делінген хабарламада.

Әлихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды. Сонымен қатар басқосуда республикалық федерацияның вице-президенттері лауазымына Батырбек Құлекеев, Шолпан Қадырова, Мақсат Шотаев, Дәулет Әбдікәрімов сайланды.

"Мақсат Шотаев вице-президенттікпен бірге Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясында бас хатшы қызметін атқарады. Федерацияның құрметті президенті, президент, вице-президент және бас хатшы қызметтері – қоғамдық негіздегі жұмыс. Ал Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясы PR директоры лауазымына журналист Ришат Асқарбекұлы тағайындалды", - деп қосты федерацияның баспасөз қызметінің өкілдері.

Отырыс барысында Әлихан Байменов 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен шаралардың есебі бойынша ақпарат берді. Ол былтыр ұлттық зияткерлік ойынның ерекше даму жылы болғанын және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны елдегі тарихи оқиғалардың бірі екенін атап өтті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір