Сәкен Бибосыновтың отбасында болған ауыр қаза оның мансабына қауіп төндіріп тұр

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Сәкен Бибосыновтың өмірінде болып жатқан қиындықтары туралы айтып берді. 

Сәкен Бибосыновтың отбасында болған ауыр қаза оның мансабына қауіп төндіріп тұр
bizmedia.kz

Даңқты боксшы үш баласынан айырылып қалғаны белгілі болды. Соңғы суыт хабар Таиландтағы Азия чемпионатында жүргенде жеткен.

"Таиландтағы жеңілістен кейін ол менің бөлмеме кіріп, болған жағдайды баяндап еңіреп жылады. Екеуімізде сол жерде көз жасына ерік бердік. Өз жігіттерімізді өзіміз қолдайықшы" деді бас бапкер SPORT+ подкастында. 

Журналист Айбек Қабылша бұған дейін Бибосыновтың екі сәбиі шетінен кеткенін жеткізді. 

"Сәкен әйелінің аяғы үшінші рет ауыр болған кезде Алматыға дәрігерлердің бақылауына әкелді. Бәрі де ойдағыдай болған. Бірақ тағы да қайғыға тап болды. Мұның бәрі боксшының мансабына теріс әсерін тигізетіні ақиқат", — деді журналист.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір