ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қысқы Азиада: Қытай құрамасы сапында 4 қазақ спортшысы өнер көрсетеді

Қытай IX қысқы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. 

Қысқы Азиада: Қытай құрамасы сапында 4 қазақ спортшысы өнер көрсетеді
baidu.com

Синьхуа агенттігінің жазуынша, Қытай спорт делегациясының құрамында 257 адам бар, оның ішінде 170-сі спортшы. Олардың алтауы олимпиада чемпионы.

Қытай құрамасының сапында ұлты қазақ 4 спортшы IX қысқы Азия ойындарына қатысады. Олар: Ақнар Адаққызы (конькимен жүгіру), Қанағат Мұхамедұлы (конькимен жүгіру), Баян Жалынқызы (шаңғы) және Самғар Серікұлы (шаңғы).

Еске сала кетсек, IX қысқы Азия ойындары 7-14 ақпаны аралығында Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.