Бірде-бір қазақстандық жоқ. "Астана" велокомандасы алдағы жарысқа құрамды жариялады
XDS Astana Team командасы Испаниядағы "Челлендж Майорка" біркүндік жарыстарының бесеуіне қатысады.
29 қаңтарда алғашқы жарыс өтеді. Ол "Трофео Кальвиа" деп аталады.
Команда құрамы: Клеман Шампуссан (Франция), Антон Чармиг (Дания), Кристиан Скарони (Италия), Давиде Тонеатти (Италия), Диего Улисси (Италия), Даррен Ван Беккум (Нидерланд), Симоне Веласко (Италия).
Спорт директорлары: Марио Манцони, Петер Кеннок.
Ал 30 қаңтардағы “Челлендж Майорка" - "Трофео Сес-Салинес" жарысына келесі велошабандоздар қатысады.
Команда құрамы: Макс Кантер (Германия), Маттео Малучелли (Италия), Давиде Тонеатти (Италия), Диего Улисси (Италия), Глеб Сырица (Ресей), Маттиа Негренте (Италия), Густав Ван (Дания).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.