Қазақстандық конькиші Италиядағы әлем кубогында "алтын" еншіледі
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Алина Дауранова Коллальбода өткен әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Қазақстандық 1000 метр қашықтықта сәре сызығын бірінші боп қиды. Екінші орынға жарыс қожайыны Мэйбрит Вигль жайғасты. Ал норвегиялық Инна Накен үштікті түйіндеді.
Тағы бір отандасымыз Арина Ильященко қола медальдан қол созым қалса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.