"Астана" баскетбол клубының бюджеті жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Клубтың бас менеджері Самсон Аракелян қаржы мәселесін ашық айтты.

"Астана" баскетбол клубының бюджеті жарияланды
pbcastana.kz

Бұл туралы Аракелян Sport+ телеарнасындағы Prime Time бағдарламасының эфирінде мәлімдеді.

“Клуб бюджеті бұған дейін айтылғандай 1 млрд 400 миллион емес, 2 миллиард теңге. Осы соманың 300 миллион теңгеден астамын өзіміз табамыз.

Әрине бұқаралық спорттың маңызды екеніне келісемін. Бұл болашақ олимпиадалық жеңістердің алтын қазығы. Жоғары жетістікке жетіп жатқан барлық елде бұқаралық спорт мектептегі инфрақұрылымнан, бапкерлер мен спорттың секциялардан басталады. Ал бұл Қазақстанда үлкен мәселе”, — деді менеджер. 

Бұл ретте Ааракелян “Астана” ВТБ Бірыңғай лигасында ең аз бюджеті бар команда екенін атап өтті. Елордалық ұжым лигадағы 29 матчта бір рет жеңіске жетті. Глеб Плотниковтың командасы 6 ақпанда Екатеринбургте "Уралмаш" баскетболшыларымен кездеседі. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір