Азиада-2025: Конькишілер қола медаль місе тұтты
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қысқы Азия ойындардың қола жүлдегері атанды.
Қазақстандықтар командалық спринтте үшінші нәтиже көрсетті. Ел үшін қола медальді Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жеңіп алды.
Бірінші орынға Оңтүстік Корея табан тіресе, Қытай құрамасы мәре сызығын екінші болып қиды.
Осылайша Қазақстан ойындардың жетінші медалін иемденді. Біздің қоржында 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль бар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.