
Сары құрлық бәсекесінде қазақстандық спортшылар 4-ақ "алтын" алды.
Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасы бірден екі медаль еншіледі. Ерлер хоккей құрамасы финалда жеңіске жетіп, алтын медальға қол жеткізсе, әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, керлинг бойынша қола медаль үшін өткен тартыста қазақстандық спортшылар Жапония командасына жол беріп, жүлдесіз қалды.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарын 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте төртінші орынды иеленді. Көшбасшылар үштігі төмендегідей:
2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы ел тарихындағы қысқы Азия ойындарындағы ең аз алтын медаль алған көрсеткішке ие болды. Бұған дейінгі ең төмен нәтиже 2007 жылы тіркелген (6 алтын). Дегенмен, жалпы медаль саны бойынша бұл нәтиже үздіктердің қатарына енеді — 20 медаль. Бұл 2003 жылғы көрсеткішпен теңессе, 2007 жылғы нәтижеден (18 медаль) асып түсті.
Қазақстан құрамасының жетістігіне ең үлкен үлесті биатлоншылар (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) мен фристайлшылар (1 алтын, 1 күміс, 1 қола) қосты.