Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тарихи жеңіс: Хамитов әлемді мойындатты

Редактор Penalty.kz
12.03.2025, 15:30

Жуырда отандасымыз Әлем кубогының иегері атанды.

Offside.kz
Offside.kz

Қазақстандық парабиатлоншы Ербол Хамитов ел тарихында алғаш рет биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңімпаз атанды.

Тарихи жетістік

Ербол Хамитов биатлон мен шаңғы жарысы бойынша керемет маусым өткізіп, жеке есептегі ең басты жүлдені жеңіп алды. Маусым бойы 1005 ұпай жинаған ол жалпы есепте көш бастап, Әлем кубогының иегері атанды.

Бірнеше кезеңде жеңіске жетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген Хамитов Қазақстан спорты үшін тарихи нәтижеге қол жеткізді.

"Соңғы рет Қазақстанға қысқы спорт түрлері бойынша Әлем кубогының бас жүлдесін 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов алып келген еді. Ал араға 30 жыл салып, Ербол Хамитов елімізге тағы бір тарихи олжаны сыйлады."

Ербол Хамитов Фото: offside.kz

Ербол Хамитовтың эмоциясы

Марапатты алған сәтінде спортшы толқып, бұл жеңіс әлі де түс сияқты көрінетінін жеткізді.

"Бұл бір түс секілді. Бұрын тек Хрусталь глобусты армандап келдік. Бірақ біз жұмыс істедік, сендік, барлық қиындықтарға қарамастан өз жолымыздан таймадық. Мен өз атымды Қазақстан спорты тарихына жазғаныма, пара-биатлоннан әлем чемпионы атанып, Хрусталь глобус иеленген тұңғыш спортшы болғаныма мақтанамын. Бізді қолдаған барша жанкүйерлерімізге, командамызға, жақындарыма алғыс айтамын. Бұл - біздің спорттық мансабымыздағы ең керемет маусым болды. Алда жаңа мақсаттар күтіп тұр!" – деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Қазақстанның пара-биатлондағы жетістігі

  • Ербол Хамитов – парабиатлоннан Әлем кубогының алғашқы қазақстандық чемпионы
  • 2024-2025 маусымы қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттар кубогында 4-орынға тұрақтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір