ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Денис Никиша әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды (ВИДЕО)

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Денис Никиша әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды (ВИДЕО)
olympic.kz

Никиша 500 метр қашықтықта екінші орынға ие болды. Ол мәреге 40,096 уақыт көрсеткішімен жетті.

Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа (40,008) иеленсе, үздік үштікті нидерландтық Йенс Ван Т’Ваут (40,163) қорытындылады.

Айта кетейік, былтырғы әлем чемпионатында да Никиша күміс медаль жеңіп алған болатын. Ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізген алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.