ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Өзбек гимнасшысы Оксана Чусовитинаға сәнді сыйлық тарту етілді (ВИДЕО)

Оксана Чусовитинаға гибридті кроссовер BYD SONG Plus DM-i Champion сыйға берілді. 

Өзбек гимнасшысы Оксана Чусовитинаға сәнді сыйлық тарту етілді (ВИДЕО)
uz.kursiv.media

Көптеген халықаралық жарыстың жеңімпазы, өзбек гимнастшысы Оксана Чусовитина ерекше сыйлыққа ие болды. Ташкент қаласындағы BYD Sergeli дилерлік орталығында салтанатты түрде оған BYD SONG Plus DM-i Champion гибридті кроссовері табысталды. Белгілі спортшы бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Автокөліктің бағасы 387,2 миллион сумнан басталады. 

Айта кетейік, Оксана Чусовитина 2025 жылдың наурыз айында Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленген болатын. Бұл сыйлық – оның ерекше спорттық жетістіктеріне және Өзбекстан спортының дамуына қосқан үлесіне деген құрметтің белгісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.