ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Жетісу" чемпиондар лигасында өнер көрсетеді

"Жетісу" қыздар волейбол клубы Азия чемпиондар лигасында бақ сынайды.

"Жетісу" чемпиондар лигасында өнер көрсетеді
time.kz

Байрақты бәсеке 18-28 сәуір аралығында Филиппинде өтеді. Додада Азияның 12 үздік командасы бақ сынайды. Талдықорғандықтар “А” тобында Филиппин мен Иордания елінің командаларымен шеберлік байқасады. 

Айта кетейік сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын “Жетісу” биыл ұлттық лига командалары арасында үздік шығып, Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы атанды.

Біріншілік қорытындысында команда капитаны Карина Денисова үздік ойыншы атанса, Мәдина Бекет үздік либеро, ал Дарья Шаргородская үздік байланыстырушы болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.