
Аралас жекпе-жектен танымал спортшы Қуат Хамитов бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатының жүлдегерлеріне берілген қаржылай марапаттар туралы пікір білдірді.
Хамитов өзінің Instagram стористерінде мынадай жазба қалдырды:
“Егер мемлекет маған әлем чемпионы атанғаным үшін 15 мың доллар берсе, мен бұл ақшаны Мұхаммед Әли сияқты лақтырып жіберер едім! Бірақ өзенге емес, дәретханаға! Маған бір түнде эскорт қызметкері табатын сыйақыдай жүлде не үшін керек?! Спортқа балаларды бермеңдер – бұл қорлық!”
Айта кетейік, Қазақстанда олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегі мемлекеттік қаржылай марапаттарға ие болады:
Алтын медаль – 15 000 АҚШ доллары
Күміс медаль – 7 000 АҚШ доллары
Қола медаль – 5 000 АҚШ доллары.