Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Денис Теннің жетістігін қайталады: Михаил Шайдоров жайлы тағы не белгілі?

Редактор Penalty.kz
30.03.2025, 12:18

Отандасымыз АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. 

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Қазақстан тарихындағы айтулы жетістік

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Бұл – еліміздің осы спорт түріндегі ең жоғары жетістіктерінің бірі.

2013 жылы дәл осындай нәтижеге қазақ спортының аңызы Денис Тен қол жеткізген болатын. Ол Лондонда өткен дүбірлі додада Қазақстанға алғашқы медаль әкелген еді. Бұл туралы Tengri sport хабарлады. 

Денис Тен Фото: assembly.kz

Денис Тен – қазақ мәнерлеп сырғанауының символы

Денис Тен – Қазақстан спортындағы ең жарқын есімдердің бірі. Ол 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиадада қола жүлде жеңіп алып, еліміздің мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы Олимпиада медалін иеленді. Өкінішке қарай, 2018 жылы Алматыда қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.

Бүгінде оның құрметіне «Денис Тен мемориалы» атты халықаралық турнир өтеді.

Михаил Шайдоровтың жетістікке жету жолы

Михаил 2004 жылы 25 маусымда Алматыда дүниеге келген. Бес жасында әкеcі Станислав Шайдоровтың жетекшілігімен мәнерлеп сырғанауды бастады. 2018 жылдан бастап Олимпиада чемпионы Алексей Урмановпен жаттығып, халықаралық додаларда жарқырай бастады.

Хореографияда Михаилмен Иван Ригини жұмыс істейді. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Асем Касанова оның кәсіби деңгейі осы команданың арқасында күрт өскенін атап өтеді.

Михаил Шайдоров Фото: NUR.KZ

Қазақстандық спортшы жаңа биіктіктерді бағындырды

Михаил – Қазақстан тарихында үштік аксель мен төрттік тулупты бір каскадта орындаған алғашқы спортшы. Бұл оның техникалық деңгейінің ерекше екендігін дәлелдеді.

2022 жылы ол жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді – бұл Қазақстан үшін осы турнирдегі алғашқы медаль болды. Алайда, ересектер арасындағы сол жылғы чемпионатқа Франция визасын ала алмауына байланысты қатыса алмады.

2024/2025 маусымы – Шайдоровтың серпіліс кезеңі

2024 жылдың қарашасында Михаил Гренобльде (Франция) өткен Гран-при финалына шыққан Қазақстан тарихындағы тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы атанды. Жүлде алмаса да, бұл — үлкен жетістік.

2025 жылдың ақпанында:

  • 13 ақпан – Харбинде (Қытай) өткен Азия ойындарында қола жүлде;
  • 9 күннен соң – Төрт құрлық чемпионатында жеңіс.

Әлем чемпионатындағы күміс – жаңа дәуірдің бастауы

Бостондағы әлем чемпионатына Михаил маусым көшбасшысы ретінде барды. Қысқа бағдарламада үшінші орын, ал еркін бағдарламада екінші орын иеленіп, тек америкалық Илья Малининге жол берді.

Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко оны «маусым сенсациясы» деп атады.

Михаил Шайдоров: "Маусым мен үшін ерекше болды"

"Маусым басында маған біреу әлем чемпионатында тұғырда тұрасың десе, сенбес едім. Бұл өте ауыр, бірақ керемет маусым болды. Мен Юмо мен Ильямен бірге подиумда тұрғаныма өте бақыттымын. Алда әлі көп жұмыс бар," – деді Михаил баспасөз мәслихатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір