«Қытай ханшайымы»: Елена Рыбакина жаңа бейнесімен таңғалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдағы жеңісінен кейін жанкүйерлерін жаңа, ерекше бейнемен қуантты.

«Қытай ханшайымы»: Елена Рыбакина жаңа бейнесімен таңғалдырды
Instagram/@lenarybakina

Қытайдағы жеңістен кейінгі ерекше фотосессия

Елена әлеуметтік желісінде Қытай сапарынан түсірілген фотоларын жариялады. Теннис жұлдызы көне ғибадатхана фонында дәстүрлі қытай киімінде бой көрсетіп, көрермендерін тәнті етті.

Пост астында Рыбакинаның жанкүйерлері жылы лебіздерін қалдырды:

«Қытайдың ханшайымы! Келер жылы қайта оралуыңды күтеміз!»

«Әдеттегідей көркемсің. Қай стильде болсаң да, саған бәрі жарасады. Жапонияда сәттілік тілейміз. Біз сені жақсы көреміз, ханшайым!»

«Нинбодағы ең сұлу теннисші!»

«Нинбоны бағындырдың, енді Токиоға жеңіске бара жатырсың! Алға, сұлулық!»

Қытайдағы жеңіс және жаңа жетістік

Айта кетсек, Елена Рыбакина жақында Қытайда өткен Ningbo Open турнирінде жеңіске жетті. Финалда ол Ресей спортшысы Екатерина Александровадан басым түсті.

Матч үш сетке созылып, есеп 6:3, 0:6, 2:6 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Бұл жеңіс Еленаның трофейлер санын арттырып, оны WTA рейтингінде жетінші орынға көтерді (бұған дейін 9-орында болған).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір