Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тоқаев Шавкат Рахмоновты «Барыс» орденімен марапаттады

Сарапшы, спорт журналисі

Ел басшысы спорт және мәдениет саласындағы үздіктерді марапаттады.

Тоқаев Шавкат Рахмоновты «Барыс» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Рахмонов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында сіңірген ерен еңбектерімен көзге түскен азаматтарға жоғары мемлекеттік наградалар табыстады.

Атақты спортшы Шавкат Рахмонов елдің оң бейнесін қалыптастыруға және шетелде насихаттауға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Президент биыл 30 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығына тоқталып, оны «берік бірлігіміздің мызғымас символы» деп атады. Мемлекет басшысы бірнеше этномәдени орталық өкілдеріне «Ел бірлігі» орденін табыстады.

Өнер мен мәдениет саласындағы марапаттар

Рухани саладағы зор еңбегі үшін «Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағы мына белгілі өнер қайраткерлеріне берілді:

  • Болат Әбділманов
  • Тамара Асар Жанқұл
  • Шынар Жанысбекова

Мәдениеттің дамуына зор үлес қосқаны үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді:

  • Нина Жмеренецкая
  • Бақыт Хаджибаев
  • Зарина Алтынбаева
  • Әйгерім Алтынбек

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін Иван Сауэрге де «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Президент барлық марапат иелеріне халықтың шынайы алғысы мен терең құрметін білдіріп, жоғары мемлекеттік наградалар еліміздің түкпір-түкпіріндегі жүздеген азаматқа табысталатынын атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір