Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Темірлан Анарбеков сүйіктісін көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының және «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жанкүйерлерін таңғалдырды. Ол өзінің сүйіктісін көпшілік алдында көрсетті.

Темірлан Анарбеков сүйіктісін көрсетті
instagram/@anarbekov_temirlan77

Қақпашының жүрегі бос емес

Instagram желісіндегі «Livekaiffff» парақшасында жарияланған бейнежазбада — 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау сәті бейнеленген. Онда «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков телефон арқылы сөйлесіп, біреуді күтіп тұрғаны көрінеді.

Біраз уақыт өткен соң қоршаудың жанына қыз келеді. Қақпашы стюарттармен сөйлесіп болғаннан кейін, оны ішке кіргізеді. Көп ұзамай екеуі сахнаға қарай бірге кетіп бара жатқан сәттері объективке ілігеді.

Бұған дейін жеке өмірі туралы ештеңе белгілі болмаған

Алматы командасының ең танымал ойыншыларының бірі саналатын Анарбековтың жеке өмірі жайлы жанкүйерлер ештеңе білмейтін. Бұл видео – оның жеке өмірінің алғашқы «жария көрінісі» болып отыр.

Айта кетсек, КПЛ-2025 маусымының соңғы үйдегі ойынында «Қайрат» пен «Астана» 1:1 есебімен тең ойнады. Осы нәтижемен алматылық клуб қатарынан екінші рет Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір