Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Түркістан облысының әкімі Әлем чемпионы атанған Шұғыла Өмірбекке көлік сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі

Әлем чемпионын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

Түркістан облысының әкімі Әлем чемпионы атанған Шұғыла Өмірбекке көлік сыйлады
Шұғыла Өмірбек. Фото: ҰОК

Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер бәсекесінде Шұғыла Өмірбек әлем чемпионы атанған болатын.

55 келіде сынға түскен түркістандық балуан қыз финалда Түркия спортшысы Туба Демирді 12:8 есебімен жеңді. Әлем чемпионын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

"Сіздерді тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тек Шұғыланың жеңісі емес, бүкіл еліміздің және Түркістан өңірінің зор жетістігі. Үлкен ерлік және үздіксіз еңбек пен дайындықтың нәтижесі. Сонымен бірге бұл нәтижелер – өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту, дарынды спортшыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың жемісі. Болашағы жарқын спортшыларды қолдау – біздің басты міндетіміз."

Облыс әкімі бапкерлік штабтыда атап өтті:

"Бапкерлерімізге де алғысымды білдіремін. Енді жеңісті жол Олимпиада төрінде жалғасады деп сенеміз. Сәттілік тілейміз," – деген Нұралхан Көшеров Шұғыла Өмірбекті алғыс хатпен марапаттап, автокөліктің кілтін тапсырды.

Чемпионның жеке бапкері Нұржігіт Ерімбетовке де құрмет көрсетіліп, алғыс хат пен қаржылай сыйлық табыс етілсе, Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергенов алғыс хатпен марапатталды. Шұғыла мен бапкері қолдау көрсеткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ендігі меже – Олимпиада ойындары екенін жеткізді. Сол бағытта жаттығуды күшейтіп, шеберлікті шыңдайтындарын атап өтті.

Айта кетейік, Түркістан облысында күрес түрлері, оның ішінде әйелдер күресі қарқынды дамып келеді. Облыстың бұрымды балуандары Азия чемпионаттарында 17 медаль еншілесе, әлем чемпионаттарында 5 медаль олжалаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір