Танымал файтер Голливудты бағындырмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Шара Буллеттің қатысуымен түсірілген фильм желтоқсанда көрермендерге жол тартады. 

Танымал файтер Голливудты бағындырмақ
mma.metaratings.ru

Ресейлік файтер Шара Буллет желтоқсанда Голливудта дебют жасайды. Ол қатысқан фильм келесі айда прокатқа шығады. Фильмнің атауы – «Golden Fish» («Алтын балық»), ал премьерасы желтоқсан айына жоспарланған. Бұл – оның халықаралық кинодағы алғашқы рөлі.

Фильм сюжеті бойынша Шараның кейіпкері – салқынқанды киллер, ал оның бастығы рөлінде Голливудтың аты аңызға айналған актері, «Мачете» фильмімен танылған Дэнни Трехо ойнайды.

Трехоның кейіпкері Шараға тапсырмалар беріп, оны қауіпті миссияларға жібереді. Бұл тандем фильмнің негізгі драмалық желісін құрайды.

Айта кетейік, UFC жекпе-жекшісі Шара Буллет (шын есімі — Шарабутдин Магомедов) Криштиану Роналдумен достық байланысы жайлы ашық айтып, португалиялық жұлдызды бала күнінен кумирі санайтынын мәлімдеген болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір