Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан Өзбекстанға бата берді: Тулкин Киличевтың үйіндегі құпия кездесу (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Өзбекстан командасының бас бапкері Тулкин Киличевтің шаңырағында қонақта болып қайтты. 

Қазақстан Өзбекстанға бата берді: Тулкин Киличевтың үйіндегі құпия кездесу (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Қазақ пен өзбек бапкерлері бір дастарханда

Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев Өзбекстан ұлттық командасының бас бапкері Тулкин Киличевтің үйіне барған сәтінен видео жариялады.

Инстаграмға жүктелген бейнежазбада Киличевтің спортшы ретіндегі мансабында жеңіп алған медальдары мен марапаттарын көрсеткені, қос құрама бапкерлерінің еркін әңгімелесіп, тәжірибе алмасқаны, ең бастысы — Қазақстан құрамасының аға бапкері Қуанышбай Көкішевтің өзбек әріптесіне алдағы жарқын жеңістерге ақ бата бергені айқын көрінеді.

Еркебаевтың жазбасы: «Бастысы – екі елдің достығы»

Асқар Еркебаев әлеуметтік желідегі жазбасында кездесудің мәнін былай жеткізеді:

Киличевті бұрын кәсіби рингте өнер көрсеткен мықты боксшы. Бүгінде өзбек құрамасын жоғары деңгейге бастап жүрген тәжірибелі бапкер ретінде сипаттайды. Қазақ бапкерлері оның еңбегін өз көзімен көріп, нәтижесіне шын жүректен қуанғанын айтады. Ең маңыздысы – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен өзара түсіністіктің нығаюы екеніне баса назар аударады.

Еркебаевтың айтуынша, спортта да, өмірде де ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеу үлкен нәтиже береді.

«Бірлік бар жерде — береке бар», — деген ойды ол өз жазбасында айрықша атап өтеді.

Сондай-ақ Асқар Еркебаев аға буын бапкерлердің берген батасы мен тілегі екі ел құрамаларына да жаңа биіктерді бағындыруға күш-жігер сыйлайтынын айтады.

Айта кетейік, Ташкентте Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд боксшыларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір