Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Көкпарда көзге түскен Мұхамеджан Сейсен олжалы болды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бұған дейін Мұхамеджан Сейсен журналистерге берген сұхбатында "Қайраттың" қақпашылары көлік мініп жүр, маған да біреу ат мінгізсе", деген еді. 

Көкпарда көзге түскен Мұхамеджан Сейсен олжалы болды (ВИДЕО)
Aladop.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы және «Астана» клубының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен демалысын туған жері Жамбыл облысында өткізіп, кезекті көкпар ойынын өткізді. Қақпашы асыл тұқымды қоңыр қасқаны тізгіндеді. 

Жарыс соңында оған «Жамбыл облысының ұлттық ат спорт түрлері федерациясы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момынов асыл тұқымды қоңыр қасқа атты тарту етті.

Фото: aladop.kz

Айта кетейік, бұған дейін Сейсен журналистерге берген сұхбатында әзілдеп, «Қайраттың қақпашылары көлік мініп жүр, маған да біреу ат мінгізсе ғой», — деген еді.

Сыйға қарамастан, қазір жанкүйерлер арасында қақпашы клуб тарапынан жазалана ма деген сұрақ қызу талқыланып жатыр. 

Себебі қөкпар — жарақат алу қаупі өте жоғары спорт түрі саналады. Кәсіби футболшылардың ФИФА және УЕФА стандарттарына сай жасалатын келісімшарттарында
міндетті түрде Hazardous Activities («Қауіпті әрекеттер») атты бап болады.

Оған сәйкес, ойыншыларға жоғары жарақат қаупі бар спорт түрлерімен айналысуға тыйым салады. Мәселен, тау шаңғысы, мотоспорт, жекпе-жек солардың қатарына кіреді.

Осы ретте, Сейсеннің келісімшартындағы тыйым салынған әрекеттер тізіміне көкпар кіре ме деген сұрақ туады. Егер мұндай тармақ болған жағдайда, онда футболшының бұл әрекеті айыппұл салуға себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір