Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Нұралы Әліп экзотикалық демалысынан әсерлі кадрлар жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының және Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп әлеуметтік желідегі парақшасында демалыстан түсірілген суреттерін көрсетті. 

Нұралы Әліп экзотикалық демалысынан әсерлі кадрлар жариялады
instagram/@nurik028

Отбасы, достар және ерекше атмосфера

Ұлттық құрама капитаны Instagram желісіне Вьетнамда өткен демалысының фотоларын жүктеді. Футболшы бұл сапарға отбасымен және жақын достарымен бірге барған. Кадрларда «Ұлытау» клубының жартылай қорғаушысы Дәмият Сламбеков, «Жетісу» клубының қорғаушысы Димаш Қашкен де көрінеді.

Суреттерден экзотикалық елдегі тынығудың жарқын сәттері байқалады. Сонымен қатар Әліптің жұбайы және қызымен бірге түскен отбасылық фотолары да жарияланған.

Әліптің жазбасы

Пост сипаттамасында футболшы қысқа әрі мағыналы ой қалдырды:

«Демалыс аяқталды, бірақ атмосфера әлі де өмір сүріп жатыр», — деп жазды Нұралы Әліп.

Айта кетейік, 15 қаңтарда Нұралы Әліп «Зенит» командасымен бірге Катарға шетелдік оқу-жаттығу жиынына жол тартады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір