Көмек сұраған жанкүйеріне қолындағы бар қаражатын еш ойланбастан бере салды.
Танымал қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар өзінің қарапайымдылығы мен адамгершілігін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленді.
Бұл жолы спортшы игі ісімен көпшілікті тәнті етті. Көмек сұраған жанкүйеріне қолындағы бар қаражатын еш ойланбастан бере салды. Оның бұл қадамына қатты толқыған жанкүйер сол сәтте көз жасына ерік беріп, Еркебұланға шынайы алғысын білдірді.
Желіде тараған бейнежазба көпшіліктің жүрегін елжіретіп, қолданушылар Еркебұлан Тоқтардың осы әрекетіне тәнті болғандарын жасырмады.
Айта кетейік, қазақстандық файтер қазір ұлттық құрама боксшыларымен бірге жаттығу өткізіп жүр. Жуырда ол Instagram желісінде Нұрбек Оралбаймен өткізген спаррингке дейінгі және кейінгі жағдайын көрсететін видеоны жариялаған болатын.