Елена Рыбакинаның қолынан 230 мың долларлық аксессуар көзге түсті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннистің көшбасшысы, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы да жұрт назарын аудартты. Бұл жолы спортшының ойыны емес, қолындағы қымбат сағат талқыға түсті 

Елена Рыбакинаның қолынан 230 мың долларлық аксессуар көзге түсті
Instagram/@australianopen

Қандай сағат тағатыны айтылды

X (бұрынғы Twitter) желісіндегі rybafan парақшасының жазуынша, Рыбакина әлемге танымал Vanguard брендіне тиесілі сағаттарды ұнатады.

Желі қолданушылары теннисшінің білегінен көрінген сағаттың шамамен 230 мың доллар тұратынын атап өткен.

Australian Open кубогімен түскен суреттегі деталь

Айта кетейік, Рыбакина дәл осы сағатпен қолына Australian Open турнирінің “құлақты” кубогін ұстап, марапаттау рәсімінде суретке түскені көрсетілген.

Қазақстандық теннисші Мельбурндегі жеңісі үшін 2,7 миллион доллар табыс тапқан. Бұл сома теңгеге шаққанда шамамен 1,4 миллиардқа тең.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір