Еркебұлан Тоқтар АҚШ-та оққа ұша жаздады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері әрі танымал актер Еркебұлан Тоқтар АҚШ-та басынан өткен күтпеген әрі қауіпті жағдайды айтып берді.

Еркебұлан Тоқтар АҚШ-та оққа ұша жаздады
instagram/@erkebulan_toktar

Оқиға қалай болды?

Тоқтардың айтуынша, олар кеше бокс залын іздеп жүрген. Әлемге әйгілі боксшылар жаттығатын орын ретінде танылған залды тауып, бірақ оның жабық екенін байқайды. Артқы есік ашық болған соң, ішке кіріп, залды үш адам болып әр жерден қарап шыққан.

Сол сәтте белгісіз бір адам шығып:

“Мұнда не істеп жүрсіңдер?” — деп сұраған.

Олар залды тек көріп кеткісі келгенін айтқанда әлгі адам бұл жеке меншік аумақ екенін ескертіп, қажет болса қару қолданатынын жеткізген.

“АҚШ-та жеке аумаққа кірсең, қауіп үлкен”

Еркебұланның сөзінше, АҚШ-та біреудің жеке аумағына рұқсатсыз кіріп кетсең, кей жағдайда адам сені ұры деп ойлап, атып жіберуі де мүмкін. Сондықтан олар дереу жағдайды түсіндіріп, дау шығармай сыртқа шыққан.

Соңында зал қызметкерлері ертең жұмыс болатынын айтқан. Тоқтар бүгін қайта барып, ресми түрде жаттығу мәселесін сөйлеспек.

Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар 15 қаңтарда Майамиге ұшып кеткен. Ол екі айлық оқу-жаттығу жиынына барып, атақты American Top Team залында дайындық өткізуді жоспарлаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір