Әлем чемпионатының күміс жүлдегері әскерде жүр

Сарапшы, спорт журналисі

Құдайберген Теміржанов 78460 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол әскери міндетін "Сарбаз+" жобасы аясында атқарып жатыр.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері әскерде жүр
KAZ.NUR.KZ

Коньки спорты бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері Құдайберген Теміржанов қазіргі уақытта Алматы гарнизонында әскери борышын өтеп жүр. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Спорт және әскери қызмет

Құдайберген Теміржанов 78460 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол әскери міндетін "Сарбаз+" жобасы аясында атқарып жатыр. Бұл бағдарлама әскери қызметшілердің кәсіби және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

 Фото: KAZ.NUR.KZ

Жоба шеңберінде сарбаздар:

  • шет тілдерін меңгереді,
  • IT саласы бойынша білім алады,
  • ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қолдануды үйренеді.

"Әскерде де, спортта да төзімділік керек"

Құдайберген Теміржанов әскери өмірдің талаптары жайлы пікір білдірді.

"Әскери қызмет үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ерте тұру, саптық дайындық, атыс жаттығулары, далалық жорықтар. Мен 13 жылдан бері кәсіби спортпен айналысып келе жатқандықтан, бұл міндеттер маған аса қиын болмады. Мұнда елдің түкпір-түкпірінен жиналған азаматтармен таныстым. Өз тәжірибеммен бөлісіп, спорттағы әдіс-тәсілдерімді үйретіп жүрмін. Менің ойымша, спортта да, әскерде де жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін төзімділік пен еңбекқорлық керек. Қандай жетістікке жетсең де, Отанға қызмет ету - азаматтық парыз.", – деді ол.

Отан алдындағы борышын Теміржановпен бірге өтеп жүрген Нұрдәулет Әлібайдың айтуынша, Құдайберген өте қарапайым және кәсібилігі жоғары.

"Мен Құдайбергенмен бірге бір әскери бөлімде қызмет атқарып жатқаныма қуаныштымын. Ол өзінің спорттағы тәжірибесін бізге әрқашан бөлісіп отырады. Құдайберген өте қарапайым, спортқа деген ынтасы өте зор. Біз оның жетістіктерін бағалаймыз, құрметтейміз.", – деді сарбаз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір