Еркебұлан Тоқтармен төбелеспек болған өзбек файтері түрмеге қамалды

Сарапшы, спорт журналисі

Сот үкімімен ол 3 жыл 13 күнге бас бостандығынан айырылған.

Еркебұлан Тоқтармен төбелеспек болған өзбек файтері түрмеге қамалды
Prosports.kz

Өзбекстандық ММА спортшысы Шахзод Узоков (Gold) сот үкімімен 3 жыл 13 күнге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Quloq.news хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Узоковқа қатысты үкім прокуратураның кассациялық наразылығынан кейін қайта қаралып, нәтижесінде нақты жаза тағайындалған.

"Шахзод Gold Узоков 3 жыл 13 күнге бас бостандығынан айырылды", — деп хабарлайды өзбекстандық БАҚ.

Шахзод Узоков Қазақстанда 2025 жылдың соңында Еркебұлан Тоқтарға жекпе-жекке шақыру жасағаннан кейін кеңінен танылды.

Ташкентте өткен турнир кезінде қос спортшы:

  • көз арбасты;
  • кейін жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.

Алайда айқас сол күйі өтпеді. 

2026 жылдың ақпан айында өткен Oktagon 84 турнирінде Узоков октагонға шығып, әзербайжандық Мұхаммадали Нурусовқа қарсы жұдырықтасты.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Узоков техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. Айта кетейік, бұл қарсыласының кәсіби мансабындағы екінші ғана жекпе-жегі болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір