"Ксерокс жасап кетті". Виктор Мозестің тұрмыс қамымен жүрген сәті желіні жарды (ФОТО)
Виктор Мозес 24 қаңтар күні "Қайсар" клубының ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылған болатын.
Қызылордалық "Қайсар" клубының ойыншысы, Англия чемпионы Виктор Мозес күтпеген әрекетімен әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Әлеуметтік желілерде тараған суреттерге қарағанда, нигериялық футболшы Қызылорда қаласындағы полиграфиялардың біріне барған. Онда ол жеке құжаттарының көшірмесін жасатқан.
Осыны көрген жанкүйерлер таңданысын жасырмай, желіде түрлі пікір қалдыруда.
"Құжат көшірмесін талап еткен шығар"
"Жарайсың, Мозес! Енді санкнижканы қашан өткізесің?"
Мозес "Қайсарға" биыл қосылды
Айта кетейік, Виктор Мозес 24 қаңтар күні "Қайсар" клубының ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды. Алайда визалық мәселелерге байланысты футболшы ҚПЛ-дің алғашқы турында ойнай алмады.
Дебют "Астанаға" қарсы өтті
Мозес Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ойынын "Астанаға" қарсы өткізді. Кездесу тең нәтижемен аяқталды.