Қазақстандық бапкер Самат Смақовтың қызы Самира Смақова "Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмырзаға арнап жазба жариялады.
Самира Смақова өзінің Instagram парақшасында туған күніне орай құттықтап, сыйлық жасаған Шерхан Қалмырзаға ризашылығын білдірді. Ол әлеуметтік желідегі stories бөлімінде гүлдер, шарлар және сүйіктісімен кездескен сәттерден кадрлар жариялаған.
Жазбада Самира:
“Әлемдегі ең керемет жігіт, жақсы көремін”, – деп жазған.


Бұл жазба желі қолданушыларының да назарын аударды. Себебі Самира Смақова – қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс Самат Смақовтың қызы.
Еске салсақ, алматылық “Қайрат” Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы екі турында қатарынан жеңіске жетіп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Команданың қоржынында 6 ұпай бар.
Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері сырт алаңда “Алтайды” 1:0 есебімен ұтса, өз алаңында “Ақтөбені” дәл сондай есеппен жеңді.
Алайда қақпашы Шерхан Қалмырза аталған екі кездесуде де алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды.