ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы, Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай үйленді. 

Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай шаңырақ көтерді (ВИДЕО)
inform.kz

Тойдан видео жарияланды

Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан өзінің Instagram парақшасындағы сторисінде Сағындық Тоғамбайдың үйлену тойынан үзінді бөлісті. Видеода жас жұбайлардың алғашқы би сәті көрсетілген.

Сабырханның жазбасына қарағанда спортшының жарының есімі — Ақерке Өмірзақ.

“Қымбатты Сағындық Тоғамбай және Ақерке Өмірзақ, бақытты болыңыздар”, — деп жазды Төрехан Сабырхан.

Сағындық Тоғамбайдың спорттағы жетістіктері

Сағындық Тоғамбай бокстан 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол Қазақстан құрамасының белді өкілдерінің бірі саналады.

Боксшының басты жетістіктері:

  • 2024 жылы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы;
  • 2026 жылы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2022 жылғы Ханчжоудағы XIX Азия ойындарының қола жүлдегері.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.