Хамитов көлігін сатылымға шығарды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Спортшы Lexus көлігін сататынын Instagram арқылы жариялады. 

Хамитов көлігін сатылымға шығарды (ФОТО)
Offside.kz

Қазақстандық паралспортшы, Паралимпиада-2026 чемпионы Ербол Хамитов өзінің көлігін сатылымға шығарғанын мәлімдеді.

"Сатылады. Кімге керек, хабарласыңдар," - деп жазды спортшы әлеуметтік желіде. 

Қандай көлік сатылуда?

Спортшы Instagram парақшасында Lexus IS 250 маркалы автокөлігінің суреттерін жариялады. Кадрларда сұр түсті жапон седаны көрсетілген.

Аталған модель XE30 буынына жатады. 2013–2016 жылдары шығарылған. 

Скриншот

Нарықтағы осындай көліктің шамамен бағасы 12 миллион теңге көлемінде.

Ербол Хамитовтың спорттағы жетістігі

Ербол Хамитов 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында:

  • парабиатлоннан алтын медаль;
  • парашаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алды. 

Екі жүлде үшін спортшыға мемлекет тарапынан шамамен 325 мың доллар (149 млн теңгеден астам) көлемінде сыйақы берілді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовті "Барыс" орденінің III дәрежесімен марапаттаған болатын.