"Үндемей қалмаймын": Рахмоновтың әйелі күйеуінің туыстарына қарсы арыз түсірді

Бокс шолушысы

Гүлайым Рахмонова күйеуінің туыстарына қатысты полицияға жүгінгенін мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Үндемей қалмаймын": Рахмоновтың әйелі күйеуінің туыстарына қарсы арыз түсірді
instagram/@kerey_khan03

Полицияға арызданғанын айтты

Гүлайым Instagram-дағы сторисінде күйеуінің туыстарымен болған сөз жүзіндегі жанжалдың скриншотын жариялаған. Кейін бұл жағдайға байланысты шара қолдануға шешім қабылдағанын айтып, Қарағандыдағы полиция бөліміне жолданған өтініштің түбіртегін көрсетті.

Ол жазбасында өзгенің отбасылық өміріне араласатын адамдарға қатысты заңды қатаңдату қажет екенін жеткізді. Әсіресе мұндай жағдайлар кішкентай балалар бар отбасыларға ауыр әсер ететінін атап өтті.

Бұған дейін Гүлайым Рахмонова спортшының туыстарымен арадағы келіспеушілік Шавкат Рахмоновтың отбасынан кетуіне себеп болғанын айтқан еді. Ажырасу процесі басталғанына қарамастан қазір Шавкат пен Гүлайым әлі де ресми некеде екені хабарланып отыр.

Рахмонованың әлеуметтік желідегі белсенділігі артты

Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейін белсенді бола бастады. Наурыз айының соңында Жамбыл облысының соты оған қатысты үкім шығарған.

Сот оны жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда екі адамның өліміне себеп болды деп таныған. Үкім бойынша Гүлайым Рахмонова 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен жаза мерзімі дәл сондай уақытқа кейінге шегерілген.