Ұлттық құрамамен сапардағы қызықтар және "Оффсайд" фильмі: ЖБ! шоудың жаңа шығарылымы
Ермұхамед Мәулен мен Алмат Бекбаев ұлттық құрамамен бірге барған іссапарлары кезінде бастан өткерген қызықты оқиғаларын бөлісті.
Қазіргі тәжірибедегідей стадионда балмұздақ, сусын, жеңіл тағам сатылғаны әлдеқайда тиімді. Бұл жанкүйер мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, матч атмосферасын жылы әрі жайлы етеді. Ал масайған фанаттардың төбелес шығарып, ойынның сәнін бұзуы ешкімге абырой әпермейді.
ЖБ! шоу қонақтары сырт алаңдағы матчтардағы жанкүйерлердің мінез-құлқы, стадион мәдениеті және футбол сапарларындағы есте қалған сәттер туралы әңгіме өрбітті.
Шығарылым соңында "Оффсайд" фильміне де қысқаша шолу жасап, туындының футбол әлемімен байланысы туралы өз пікірлерін айтты.
Ендеше, бүгінгі видеоны соңына дейін көріп, әдеттегідей өз ойыңызды пікірге жазып қалдырыңыз. Қазақ футболындағы жанкүйер мәдениеті қандай болуы керек деп ойлайсыз?