Джервонта Дэвиске АҚШ-та іздеу салынды

Бас редактор

Боксшы бұрынғы сүйіктісіне қатысты іс бойынша шартты босату талаптарын бұзды деген күдікке ілінді. 

Джервонта Дэвиске АҚШ-та іздеу салынды
sportarena.kz

Бұрынғы әлем чемпионы Джервонта Дэвиске АҚШ-та іздеу салынды. Мэриленд штатының билігі америкалық боксшыны шартты түрде босату талаптарын бұзды деп есептейді. 

Дэвис бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс бойынша ұсталған еді.

Дэвиске қандай айып тағылып отыр?

ESPN мәліметінше, 31 жастағы Джервонта Дэвис бұрынғы сүйіктісі Кортни Росселге шабуыл жасады деген күдікке ілінген болатын.

Оқиға 2025 жылдың 27 қазанында Майамидегі стриптиз-клубтардың бірінде болған. Россел сол жерде даяшы болып жұмыс істеген.

Боксшы қаңтарда ұсталған

Джервонта Дэвис 14 қаңтар күні бірнеше айып бойынша қамауға алынды. Оған ұрып-соғу, заңсыз бостандықтан айыру және адам ұрлауға әрекет жасау бойынша айып тағылды.

Кейін боксшы кепілмен босатылды. Алайда оған Кортни Росселмен байланысқа шығуға тыйым салынды.

Енді Дэвис осы талаптарды бұзды деген күдікке ілініп отыр. Егер ол қайта ұсталған жағдайда, боксшы кепілмен босатылу құқығынсыз қамауда қалуы мүмкін.

Айта кетейік, кәсіпқой боксшы Джервонта Дэвис жеңіліс көрмеген. Оның еншісінде 30 жеңіс бар. джАмерикалық боксшының соңғы жекпе-жегі Ламонт Роучқа қарсы өтті. Бұл айқас тең нәтижемен аяқталды.