Зарина Дияс Жапониядағы турнирде фаворит мәртебесін толық дәлелдеді
Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде Зарина Дияс алғашқы айналымда сенімді жеңіске жетті.
baigenews.kz
Ол 1/16 финалда жергілікті үміткер, небәрі 16 жастағы Юдзухи Нэгисиді екі сетте — 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл нәтиже Диястың турнир фавориті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
2025 жылдың мамыр айындағы мәліметке сәйкес, Зарина Дияс WTA рейтингісінде 318-орында тұр. Ол кәсіби мансабында 3,7 миллион АҚШ долларынан астам жүлде қаржысына ие болған.
Зарина Диястың басты жетістіктері:
- WTA Japan Women's Open (2017 жылғы жеңімпаз)
- 9 ITF титулы (жекелей сында)
Үлкен дулыға турнирлеріндегі үздік нәтижелері:
- Уимблдон — 4-ші раунд (2014, 2015)
- Австралия ашық чемпионаты — 3-ші раунд (2014, 2015, 2020, 2021)
- АҚШ ашық чемпионаты — 3-ші раунд (2014)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet