Қазақстанның екінші ракеткасы Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан беделді WTA 250 санатындағы турнирде ширек финалға жолдама алды.
sports24.kz
Екінші кезеңдегі сенімді жеңіс
Әлемнің 29-ракеткасы атанған Путинцева турнирдің екінші айналымында германиялық Анна-Лена Фридзаммен кездесті. Матч тартысты басталғанымен Юлия сенімді ойын көрсетіп, екі сетте де басымдық танытты – 6:4, 6:4. Матч 1 сағат 38 минутқа созылды.
Бұл кездесудің нәтижесінде қос спортшы арасындағы жеке текетіресте есеп 2:0 болып, толықтай Қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
Путинцева жартылай финалда мысырлық Маяр Шерифпен ракетка түйістіреді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet