
Әлемнің бірқатар үздік теннисшісі Уимблдонның алғашқы күндерінде-ақ сәтсіздікке ұшырады. Турнир сенсациялармен басталды.
ATP рейтингінің үшінші сатысында тұрған Александр Зверев алғашқы айналымда-ақ турнирмен қоштасты. Неміс теннисшісі 72-орындағы француз Артур Риндеркнештен бес сетке созылған матчта жеңілді: 6:7, 7:6, 3:6, 7:6, 4:6.
Ал жетінші орында тұрған итальян Лоренцо Музетти 126-орындағы грузиялық Николоз Басилашвилиге есе жіберді — 2:6, 6:4, 5:7, 1:6.
Бұған дейін Уимблдонның алғашқы күнінде тағы екі жұлдыз жарысты ерте аяқтаған еді.
Даниялық Хольгер Руне (8-орын) 143-орындағы чилилік Николас Ярриден ұтылды — 6:4, 6:4, 5:7, 3:6, 4:6.
Сонымен бірге ресейлік Даниил Медведев (9-орын) 64-сатыдағы француз Бенжамен Бонзиға есе жіберді — 6:7, 6:3, 6:7, 2:6.