Қазақстандық теннисші Уимблдонның екінші айналымына жолдама алды
Анна Данилина жұптық сында чехиялық Мария Боузковамен бірге "Үлкен дулыға" турнирін сәтті бастады.
sports24.kz
Бірінші айналымдағы сенімді жеңіс
Анна мен Мария алғашқы кездесуде Польша өкілі Катажина Питер мен мысырлық Маяр Шериф дуэтін 6:3, 6:3 есебімен жеңіп шықты. Ойын екі сетте аяқталып, қазақстандық-чехиялық жұп толық басымдық көрсетті.
Келесі қарсыластар
Екінші айналымда Данилина мен Боузкова Вероника Кудерметова / Элизе Мертенс немесе Клугман / Стоявлиевич жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.
Анна Данилина миксте де жарысқа қатысады
4 шілде күні Анна Данилина аралас жұптар (микс) санатында да жарыс жолына шығады. Ол бұл сында Финляндия өкілі Харри Хелиовааррамен жұп құрады. Айта кетейік, бұл дуэт бұған дейін US Open турнирінде жеңіске жеткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet