Қазақстанның ең үздік теннисшілерінің бірі Елена Рыбакина Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
Әйгілі Уимблдон турнирінен кейін алғаш рет кортқа шыққан Елена бұл жолы 1/8 финалда канадалық Виктория Мбокомен (WTA рейтингінде 88-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:3, 7:5. Бұл нәтижемен Рыбакина жарыстың ширек финалына жолдама алды.
2025 жылғы Вашингтон турнирінің жалпы жүлде қоры — 1 282 951 АҚШ доллары. Жекелей сында топ жарған спортшы 197 570 доллар мен WTA рейтингінде 500 ұпайға ие болады. Бұл – теннисшілер үшін маусымдағы маңызды ұпай жинау мүмкіндіктерінің бірі.
Бұл турнирге қатысып жатқан басты фавориттердің бірі — америкалық Джессика Пегула. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 4-орында тұр және өзінің үй аренасында чемпиондыққа басты үміткер саналады.