
17 жастағы Амир Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында АҚШ-та оқып жүрген Ислам Орынбасарды үш сетте жеңіп, жанкүйерлерін тәнті етті.
17 жастағы қазақстандық теннисші Амир Омарханов алғаш рет ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шықты. Жас спортшы Beeline Arena кортында өткен жартылай финалдық кездесуде тәжірибелі қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды.
Амир Омарханов жартылай финалда Ислам Орынбасарды үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді:
Есеп: 6:2, 4:6, 6:3
Айта кету керек, Ислам Орынбасар — АҚШ-тың William Carey University оқу орнының студенті. Ол бұл университетте екі мәрте үздік теннисші атанған.
Финалдық ойында Амир Омарханов:
Қарсыласы жартылай финалдың екінші матчынан кейін анықталады.