Елена Рыбакина US Open алдында сәнді образымен таңғалдырды
2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты – US Open 2025 басталар алдында жанкүйерлерін жаңа фотосымен қуантты. Қазақстандық спортшы гала-кешке қатысып, кешкі сәнді образымен көздің жауын алды.
Instagram/@lenarybakina
Қазақстан теннис жұлдызының жаңа бейнесі
US Open-нің бірінші айналымында Рыбакина америкалық теннисші Джульета Пареджамен күш сынасады. Өткен маусымда Елена турнирдің екінші кезеңіне дейін жетіп, денсаулығына байланысты ойынды мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болған еді.
Турнир кестесі және фавориттер
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы негізгі ойындар 24 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Қазіргі чемпион – Беларусь Арина Соболенко, ол былтырғы финалда америкалық Джессика Пегуланы тізе бүктірген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
