Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды
Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы ірі турнирде чемпион атанды
offside.kz
Финалдағы тартысты ойын
Құламбаева Словения спортшысы Вероника Эрьявецпен бірге жұптық сайыста өнер көрсетті. Финалда олар жапондық дуэт — Момоки Кобори мен Аяно Шимицу қарсы шықты.
Қазақстандық-словениялық жұп турнирге екінші нөмірлі фаворит ретінде қатысса, жапониялық спортшылар төртінші нөмірмен тіркелген еді.
Жеңіс нәтижесі
Фаворит мәртебесін толық ақтаған Жібек пен Вероника сенімді ойын көрсетті. Қорытынды есеп — 6:4, 6:2.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet