Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Юлия Путинцева сәтсіз сериясын тоқтатты

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 13:22

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 турнирінде жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды.

Юлия Путинцева сәтсіз сериясын тоқтатты
kazgazeta.kz

Триллерге толы матч

Әлемнің 63-ракеткасы саналатын Путинцева алғашқы кездесуде француз теннисшісі Диан Парримен (WTA рейтингінде 101-орын) кортқа шықты.

Матч 6:1, 6:7, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. 

Матч барысында Путинцева өз геймін төрт рет жоғалтқанымен, қарсыласынан тоғыз брейк жасап үлгерді.

Алғашқы сетте сенімді ойнаған Юлия екінші сетте 3:1 есебімен алға шыққанымен, кейін қатарынан төрт гейм ұтқызып, тай-брейкте жеңіліп қалды. Бірақ шешуші партияда толық үстемдік көрсетіп, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Сәтсіз серия үзілді

Бұл жеңіс Путинцева үшін соңғы бір айдағы алғашқы табыс болды. Ол бұған дейін соңғы рет 25 тамыз күні US Open-2025 турнирінде жеңіске жеткен еді. Содан кейін қазақстандық спортшы қатарынан үш рет ұтылып, оның ішінде Билли Джин Кинг кубогындағы матч та бар болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір