Қазақстан Almaty Open турнирінде күн сайын ойыншылардан айырылып жатыр

Сарапшы, спорт журналисі

14 қазан күні «Алматы Арена» корттарында халықаралық Almaty Open-2025 турнирінің төртінші ойын күні басталды. Бірақ әзірге жергілікті жанкүйерлер үшін жаңалық көңіл қуантпай отыр. Қазақстан теннисшілері жарыстан біртіндеп шығып қалуда.

Қазақстан Almaty Open турнирінде күн сайын ойыншылардан айырылып жатыр
instagram/@almatyopen

Бірінен соң бірі кеткен қазақстандықтар

11 қазанда іріктеу кезеңінде Денис Евсеев жарысты ерте аяқтады. Келесі күні оның ізін ала тағы бір тәжірибелі ойыншы — Михаил Кукушкин де негізгі турнирге өте алмады.

Кеше негізгі кезеңнің бірінші айналымында ел үмітін арқалаған жас талант Әмір Омарханов жарыспен қоштасты. 17 жастағы спортшының қарсыласы әлемнің 35-ракеткасы, канадалық Габриэль Диалло болды. Осыны ескерсек, жас теннисшінің ойыны сынға алынған жоқ. Керісінше тәжірибе жинауға мүмкіндік болды.

Скатов та жарысты ерте аяқтады

Бүгін тағы бір отандасымыз, петропавлдық Тимофей Скатов жарыс жолынан шығып қалды. Оның қарсыласы — әлемдік рейтингтің №114 сатысындағы австралиялық Ринки Хиджиката еді.

Үш сетке созылған тартысты матч нәтижесінде жеңіс Хиджикатаға бұйырды — 7:6, 2:6, 6:3.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір