ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Елена Рыбакина Қытайдағы ірі турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің тоғызыншы нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA-500 сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Рыбакина 1/8 финалда украиналық Даяна Ястремскаямен (әлемдік рейтингтегі 30-орын) күш сынасты. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін де теннисшілер екі рет кортта кездескен, екі жағдайда да жеңіс Рыбакинаға бұйырған.

«Матч өте қиын өтті, бірақ мен өз ойынымды таптым. Алда – жаңа сынақтар, мен толық күшіммен дайындаламын», – деді Рыбакина матчтан кейін.

Қазақстандық спортшы ширек финалда Австралия өкілі Айла Томляновичпен кездеседі. Қазіргі уақытта ол WTA рейтингінде 104-орында тұр. Бұл кездесу Рыбакина үшін финалдық кезеңге жол ашатын шешуші сынақ болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?