Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елена Рыбакина керемет камбэкпен маусымдағы екінші титулын жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде – 9-орын) Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 сериялы турнирінің чемпионы атанды. 

Финалдағы камбэк

Рыбакина шешуші матчта ресейлік Екатерина Александровамен (10-орын) кездесіп, үш сет нәтижесінде жеңіске жетті — 3:6, 6:0, 6:2. Екінші сетте қазақстандық спортшы қарсыласына бір де бір гейм бермей, классикалық «баранка» жасады.

Турнир жолы: топ қарсыластардан сенімді жеңіс

Нинбо турнирі барысында Рыбакина бірнеше мықты спортшыны тізе бүктірді:

  • украиналық Даяна Ястремскаяны (30-орын) — 6:4, 6:7, 6:3,
  • австралиялық Айла Томляновичті (104-орын) — 6:2, 6:0,
  • италиялық Жасмин Паолиниді (8-орын) — 6:3, 6:2.

Бұл жеңіс Елена Рыбакина үшін 2025 жылғы екінші WTA 500 титулы болды. Бұған дейін ол мамыр айында Францияның Страсбург қаласында өткен турнирде топ жарған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір